Кері

Ақмола облысындағы жаңа құс фабрикасы импортты азайтады

15.09.2018 00:21


КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жуырда ашылатын Макинск құс фабрикасы Қазақстанға құс еті импортының үштен бір бөлігін жабатын болады. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалин облыстық мәслихат депутаттары алдында өткен есептік кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздегі ең ірі жобалардың бірі - жылдық қуаты 50 мың тоннаны құрайтын Макинск құс фабрикасы. Оны іске қосу жергілікті өндірістің және құс етін жеткізіп беру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді М.Мырзалин.

Аймақ басшының айтуынша, жылына 25 мың тонна құс етін өндіру бойынша жобаның алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Оны 28 қыркүйекте іске қосу жоспарланған. Фабрика толық қуатымен келер жылы жұмыс істей бастайтыны көзделген.

«Фабрика толық қуатына көшкен кезде, елімізге құс еті импортының үштен бір бөлігін жабатын болады», - деп толықтырды М.Мырзалин.

Айта кетейік, жыл сайын елімізге шамамен 170 мың тонна құс еті жеткізіледі. 

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат