Кері

Синоптиктердің 15 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

15.09.2018 01:31


АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 қыркүйек күні антициклонның әсерінен Қазақстанның  басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың тек солтүстігінде және шығысында фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады.  Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста  шаңды дауылмен жел соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-22 м/с күшейеді. Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 3 градус үсік сақталады.

Сонымен қатар Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе  және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат