Кері

Головкин «Канеломен» айқасы алдында толғандырып жүрген мәселесін айтты

15.09.2018 02:05


АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин журналистерге берген сұхбатында америкалық НВО телеарнасымен аяқталып келе жатқан келісімшарты туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазір айтарлықтай ештеңе жоқ, қысым көріп жатқаным жоқ. Дегенмен, соңғы екі жылда НВО-мен жекелеген түйіткілдер болды. Мысалға, менің соңғы жекпе-жегім. НВО көптеген тамаша боксшыларын, өз позициясын жоғалтып алды... Мен адамдардың боксқа қызығушылығын қайтарғым келеді. Егер НВО маған бұл мәселеде көмектескісі келсе, неліктен болмасқа? Бірақ дәл қазір НВО үшін жағдай мүлдем өзге және өте нашар», - деді Головкин.

Головкиннің мексикалық Сауль Альвареспен рематчы Лас-Вегаста 15 қыркүйек күні өтеді. Қазақстанда бокс шоуы 16 қыркүйек күні таңғы сағат 6-да басталады. Оны «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.  

 

 

Фото: vk.com/ggolovkin

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат