Кері

Дзюдо: Бекарыс Сәдуақас жасөспірімдер Олимпиадасында қола еншіледі

11.10.2018 23:57

АСТАНА. ҚазАқпарат - Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында дзюдошылар додасы аяқталды. Қазақ балуаны Бекарыс Сәдуақас аралас командалық сында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz

Бекарыс Эквадор, Австрия, Алжир, Бразилия, Перу, Канада және Бахрейн спортшыларымен бірге "Лондон" командасының намысын қорғаған болатын. 

Жартылай финалда "Лондон" аралас командасы "Бейжің" командасынан жеңіліп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Еске сала кетейік, Бекарыс Сәдуақас 100 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанған болатын. 

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат