Кері

Биік үйлерді жанай өткен әскери ұшақ жұртты шошытты

12.10.2018 03:11

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустралиядағы Брисбен қаласының тұрғындарын тура терезелерінің алдынан  Boeing C-17 әскери жүк ұшағының жанай өтуі қатты үрейлендірді. Жұрттың көпшілігі 2001 жылғы терактіні еске алып, полицияға жаппай қоңырау шала бастаған, деп хабарлайды Daily Mail.

Әлеуметтік желіге салынған видеодан әскери «Боингтің» тұрғын үйлердің арасында маневр жасап,  кез келген сәтте биік үйлердің біріне соқтығысу қаупін туындатқаны байқалады. Өте қорқынышты көріністер.

Анықтала келе, бұл әскери ұшақтың қауіпті маневрі жыл сайын дәстүрлі түрде әуе авиациялық шоумен аяқталатын Riverfire мәдени фестиваліне арналғандығы анықталды.

Дегенмен Брисбен қаласының тұрғындары тап үйлерінің маңында өткен бұл мерекеге дайын болмай шықты.

Жұртты дүрліктірген оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ интернет пайдаланушылар  өздерінің жергілікті әскери-әуе күштеріне деген ашу-ызаларын жазып-ақ жатыр.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат