Кері

Қазақстан-Ресей Өңіраралық форумы: Байқоңырдағы туризм қалай дамытылады

09.11.2018 16:10


ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Байқоңырда туризмді дамытуға кедергі болып тұрған факторларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ынтымақтастықтың перспективалы жобаларының бірі - Байқоңырда ғарыштық туризмді белсенді дамыту болуы мүмкін. Барша әлемде жабық ғарыш айлақтарына сапарлау өте жоғары қызығушылық тудырады. Мысалы, АҚШ-тың бас ғарыш айлағы мен оның Флорида штатындағы режімді нысандарына жылына 1 миллион турист барады», - деді А. Мұхамедиұлы Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумында

Осы орайда ол Байқоңырда 18-ден 24-ке дейін ұшырылым болатынын, оған 2 мыңнан астам адам баратындығын жеткізді. Мұндай жағдай көптеген құқықтық кедергілерге, әскери ведомстволар іс-қимылындағы келіспеушілікке байланысты болып отыр. Бұл өз кезегінде Байқоңырға туристердің сапарларын шектеп келеді.

Бұл тұрғыда ҚР Мәдениет және спорт министрі аталған мәселені шешу үшін Қазақстан мен Ресей президенттерінен тиісті қолдау көрсетуін сұрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы екі елдің туризм саласын дамытудың мүмкіндіктерін баяндады.

Сонымен қатар онда Ақтау саммиті Каспий теңізіндегі туризмді дамытуға ықпал еткендігі айтылды.

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат