Кері

ҚР Президенті: Қазақстан мен Ресейдің географиялық жақындығын тиімді пайдалану керек

09.11.2018 16:36


ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  туризм саласында екі елдің географиялық жақындығын тиімді пайдалану керектігін атады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің елдер арасында апта сайын  38 бағыт бойынша 210 әуе рейсі орындалады. Соңғы жылдары олардың саны 27 бағытқа артты. Ал білім беру саласында 66 қазақстандық жоғары оқу орны ресейлік 93 ЖОО-мен тығыз қатынастарды орнатты. Ынтымақтастық туралы оқу орындары арасында  500-ден астам келісім бекітілді. Екі елдің медициналық жоғары оқу орындары арасында 70-ке тарта бірлескен меморандумға қол қойылды. Осының барлығы біздің тұрақты әрі өзара тиімді тату көршілік ынтымақтастықтың дәлелі», - деді Елбасы.null 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүгінгі форумның туризм саласына арналуы өте маңызды болып отырғандығын атап өтті.

«Қазіргі заманғы жағдайда туризм жаһандық экономика өсімінің негізгі драйвері. Бүгінде туризм әлемдік экономиканың 10 пайызын қамтыды, әрбір оныншы жұмыс орнын құруда. Осы сала тікелей инвестицияның жүздеген миллиард долларын тартуда», - деді ҚР Президенті.

Бұл тұрғыда Н. Назарбаев жаһандық экономикалық дағдарыс кезеңінде де туризм даму тетігі болып сақталғанын атап өтті.

«Екіжақты туризмді дамыту үшін  жүйелік шаралар қабылдау керек. Сонымен бірге, екі елдің арасындағы географиялық жақындығын тиімді пайдаланған дұрыс. Біз туризмді дамытудың бес жылдық бағдарламасын әзірлеуді аяқтауға жақындадық. Қазақстанға туристер ағынын 13 миллионға дейін арттыруды көздеп отырмыз. Бұл ретте 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылмақ», - деді Елбасы.

null 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат