Кері

Павлодарлық құтқарушылар бөгеттерді тасқынға дайындауда

09.11.2018 16:42


ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда құтқарушылар алдағы жылы болуы ықтимал тасқынға байланысты бөгеттерді дайындап жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Алдағы тасқын кезеңінен дайындық аясында Төтенше жағдайлар департаменті Ертіс бассейні инспекциясымен бірігіп Павлодар экспулатациялық учаскесінің қарауындағы гидротехникалық құрылыстарды тексеріп шықты», - деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД.

Құтқарушылар «Қ.Сәтбаев атындағы арна» филиалының өкілдері мен жергілікті атқарушы органдарға бірқатар кеңестерін берді. 

«Кезекте - гидротехникалық құрылыстар, Баянауыл ауданы мен Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының  шекара маңы учаскелеріндегі «Ақжар» мен «Қаратоқа» үлкен бөгеттері», - деп қосып өтті ТЖД-нен. 

Иллюстрациялық фото: m.dozor.kharkov.ua

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат