Кері

Түркістан облысында күн электр стансасы салынады

09.11.2018 16:44


ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев KK-KIUNSEN компаниясының директоры Джон Енг Сун бастап келген делегациямен кездесті. Басқосуда тараптар өңірімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы кездесуде өңірдің экономикалық әлеуетін таныстырып, бірлесіп инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

«Оңтүстік Кореяны жаңа технология, ауыл шаруашылығы, өндіріс салалары дамыған ел ретінде білеміз. Болашақта аталған салаларда байланыс орнатып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түсеміз деген сенімдеміз. Түркістан облысы кәсіпорындар ашып, кәсіпкерлік саласын дамытуға өте қолайлы аймақ. Сондай-ақ, өңірімізде жаңа жобалар құрып, жұмыс істеуге ниетті инвесторларға түрлі жеңілдіктер мен мүмкіндіктер қарастылған», - деді Жансейіт Түймебаев.

Кездесу барысында қонақтар Бәйдібек ауданынан жалпы құны 7,4 млрд теңге күн электр стансасын салу туралы ұсынысын білдірді. Жамбыл ауылында бой көтеретін стансаның жалпы аумағы 1 200 гектарды құрайды. Жоба жүзеге асырылса, 10 Мвт электр қуаты өндірілетін болады. Сондай-ақ, 50 адам жұмыспен қамтылады.

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат