Кері

Кентауда кен өндірісі жандана түспек

07.12.2018 16:58

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Кентау қаласында қазіргі таңда 6 геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Кезінде кенімен танылған өңірде алдағы жылы кен өндіру ісі қарқын алатын болады.  Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев мәлім етті.

Шаһар басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысымен қаланың жалпы өнім көлемі 87 млрд. 313 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе артқан.

«Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 12 млрд. 315,4 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 160 пайызды құрады. Кентау қаласына 12 ауыл округтерінің қосылуымен 2018 жылдың 10 айында қолданыстағы шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 6784 бірлікке жетіп, 2,5 есе өскен. Шағын бизнес субъектілерінің осы кезеңде өндірген өнімдері мен жасаған қызметтерінің жалпы соммасы  - 61 млрд. 134,8 млн. теңгені құрады», - деді  Әбдібақыт Тілләбайұлы.
null 

Кентау қаласы бойынша 2015-2019 жылдары өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына жалпы құны - 64 млрд. 41,5 млн.теңге 5 жоба енгізіліп, 4 жоба толығымен  іске асырылды. Оның ішінде: «ЮгЭлектроПривод» ЖШС - «Тоқ және кернеу ажыратқыштарын, айырғыштарын, өлшегіш трансформаторларын шығару» жобасы; «Электродеталь» ЖШС «35-110-220 трансформаторлар үшін металлқұрылымдар жасайтын және электрооқшаулар бөлшектерін шығару» жобасы; «Статус Эверест» ЖШС - «ПЭТ, ПП, ПЕ» қатты қалдықтарды қайта өңдеу» жобасы;  «Vostok Minerals» ЖШС - «Барит өнімдерін өңдеу» жобасы; «ГРК «Металлинвест» ЖШС-нің «Барит концентратының өндірісімен Ансай кен орынының барит кеніне өнеркәсіптік қазба жұмыстарын жүргізу» жобасы.
null 

Бұдан өзге, Кентау қаласындағы индустриялды аймақтың жалпы ауданы 25 гектарды құрайды. Онда 5 жобаны іске асыру жоспарланып, 2 жоба толығымен жүзеге асырылды. 4,3 гектар аумақта инженерлік инфрақұрылым орналасқан, 15,55 га жер телімі резервте. Бүгінгі таңға индустриялды аймақта 2 жоба толық іске асырылған. Олар: Кентау қаласы бойынша 2015-2019 жылдары өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында іске қосылған «ЮгЭлектроПривод» ЖШС және «Электродеталь» ЖШС.

null 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат