Кері

Түркістан облысының полицейлері қару және оқ-дәрі жасағандарды тұтқындады

12.01.2019 02:32

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Төле би ауданының полиция бөліміне атыс қаруы мен оқ-дәрі жасаумен айналысатын әлдекімдер бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Көрсетілген мекенжайға полиция қызметкерлері бірден барып, жедел іздестіру шарасы барысында Төле би ауданының екі тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталған бір күдіктінің үйін тінту барысында тапаншаға ұқсас қолдан жасалған екі қару және шамамен 70-тен оқ табылып, тәркіленді.

Болған оқиға ҚР ҚК 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» және «Қаруды заңсыз жасау» 288-бабымен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда күдіктілердің атыс қаруын заңсыз жасаумен айналысу және сақтау мақсаттары анықталуда. Полицейлер күдіктілердің дайындалған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат