Кері

Астанада ITS жүйесіне 31 бағдаршам қосылады

12.01.2019 06:00

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада зияткерлік көлік жүйесімен (ITS) бүгінгі таңда 443 бағдаршамның 105 нысаны қамтылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасынан белгілі болғандай, 2019 жылдың соңына дейін ITS жүйесіне 31 бағдаршам қосылады. Сондай-ақ 48 ақпараттандыру таблосы, 130 радиолокациялық детектор орнатылады.

«Бұдан бөлек, тоғыз жол қиылысында 87 бейнедетектор, 27 бейнебақылау камерасы орнатылады. Бұл жалпы көлік ағынына әсер ететін негізгі көлік тораптарын қамтуға, қолданыстағы көше-жол желісінің жүктемесін біркелкі бөлуге және оның өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат