Кері

Көлік мінген қостанайлық балықшылар екі күн қар құрсауында жатқан

11.02.2019 22:31

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалық қаласында адасып кеткен балықшыларға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиға Арқалық-Қайыңды автожолының 65-ші шақырымында болған.

«112» нөміріне Қараторғай өзенінің маңында ішінде 1986 және 1988 жылдары туған екі балықшы бар жеңіл автокөлік екі тәулік бойы қар құрсауында тұрғаны туралы ақпарат түсті. Балықшылар діттеген жеріне жете алмаған, боран соғып, кері қайта алмай, қалып қойған. Құтқарушылардың келуімен балықшылардың автокөліктерінде бірнеше сағатқа жететін бензин қалғандығы анықталды. Термометр бағаны -25 градустан төмен түсіп кеткен», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Арқалық қаласындағы Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына өтімділігі жоғары ГТ-ТБ техникасымен жеткен. Олар қар құрсауында қалған автокөлікті оқшау жерге сүйреп шығарып, Арқалық қаласына дейін жеткізіп салған.

Құтқарушылар қолайсыз ауа райы кездерінде үйде қалуды және дауыл жөніндегі ескертулерге жауаптылықпен қарауды ұсынады.

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат