Кері

«Сараево» астаналық команданың қақпасынан саңылау таба алмады

11.02.2019 22:38

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» клубы Түркияда өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиыны барысында Босния және Герцоговинаның «Сараево» командасымен кездесті. Астаналық футболшылар қарсыласын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астананың» бүгінгі қарсыласы - өз елінің үш дүркін чемпионы атанған тәжірибелі ұжымның бірі. Елордалық команда басшылығы Ненад Эрич, Абзал Бейсебеков (Шомко), Антонио Рукавина, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Иван Маевский, Марин Аничич,  Роман Муртазаев, Юрий Перцух (Серікжан Мужиков), Марин Томасов (Скворцов), Джуниор Кабананга (Ромело Янга) сынды футболшыларын ойынға қосты.

Кездесуде Юрий Логвиненко орталық шепте Иван Маевскиймен жұп құрады. Бұл командаға өз жемісін алып келді. Ол 30 және 64 минуттарда гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады. Нәтижесінде «Астана» қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді. 

Елордалық клуб 6 ақпанда Ташкенттің «Локомотивімен» 1:1 есебімен тең түссе, 7 ақпанда сербиялық «Младость» (Лучани) командасынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Енді олар 12 ақпанда Өзбекстанның «Согдиана» клубымен кездеседі.

 

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат