Кері

Астанадағы жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендер туралы айтты

16.03.2019 10:44


АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық дәрігерлер газ баллонының жарылысынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше кешкі сағат 18:01-де біздің ауруханаға газ баллонының жарылысынан зардап шеккен екі адам түсті. Оның бірі ер адам, екіншісі - әйел. Тексеру көрсеткендей, олардың тыныс алу жолдары ауыр зақымданған және денелерінің 50-70% күйік шалған (әйел 70%, ер адам 50%). Қазіргі уақытта екі пациенттің де жағдай нашар. Олардың өмірін аман алып қалу жолында барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Басқа болжамдарды жасау әлі ерте. Оның үстіне, зардап шеккендер әлі тілге келген жоқ», - деді Астана қалалық №1 аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Алексей Солод.

Айта кетейік, үшінші зардап шегуші Травматология жəне ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді.

15 наурыз күні кешқұрым Астанада Алаш тас жолы бойындағы «МолПродуктсервис» ЖШС-нің екі қабатты ғимаратында газ баллоны жарылған болатын. Салдарынан 3 адам зардап шекті. Түнгі сағат 01.18-де үйінділердің астынан әйел адамның денесі табылды.

 

 

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат