Кері

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

16.03.2019 11:26


АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,15 долларға төмендеп, 67,02 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) сәуір айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,09 долларға арзандап, бір баррелі 58,52 доллар болды.

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат