Кері

13 шілде. Туған күн иелері

13.07.2019 08:08


 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 10 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


null 52 жыл
бұрын (1967) ақын, публицист, журналист Нұрлан Нұрахметұлы ҚАЛҚА дүниеге келді.

Алматы облысындағы Асы жайлауында (Шелек ауданы, Масақ селосы) туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн бітірген (1993).

Еңбек жолы: «Жетiсу» газетiнде тiлшi (1990-1992), «Жас Алаш» газетiнде тiлшi, бөлiм редакторы, редакция алқасының мүшесi (1992-1997) болған. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары департаментi Мерзiмдi баспасөз бөлiмiнiң бас маманы (1997-2001). ҚР Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Үкiметтiк ақпарат бөлiмiнiң консультанты, ҚР Премьер-Министрiнiң баспасөз қызметiнің сектор меңгерушiсi (2001-2008), Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, инспекторы (2008-2014) қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі (2014 жылдан).

Қазақстан Журналистер Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесi. Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты (1995). Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2016). 

 «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Астана 20 жыл» мерекелік медалдарымен наградталды. «Армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов» медалімен (2017) және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» (2017) медалімен марапатталды.

null 43 жыл бұрын (1976) Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің басшысы Алан Төлебайұлы ТЛЕНЧИЕВ дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығымен бітірген.

Еңбек жолы: «Талан ЛТД» ЖШС заңгердің көмекшісі (1994 - 1996); «Казкоммерц - Зираат интернэшнл банк» - тағылымгер, заңгер (1996 - 1997); Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының сот жасауылы (1998); аудандық прокурордың көмекшісі, прокурор, Алматы қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры (1998-2002); ҚР Бас прокуратурасының департамент бөлімінің прокуроры, аға прокуроры, бастығының міндетін атқарушысы, бастығы (2002-2010); Алматы қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономика саласының заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы (2010-2011); ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономика саласының заңдылығын қадағалау департаментінің табиғат қорғау заңнамасының қолданылуын қадағалау бөлімінің басшысы (2011-2012); Астана қаласының «Алматы» ауданының прокуроры (2012-2017); Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары (2017-2018); Астана қаласы Әділет департаменті басшысының м.а. (2018).

Қазіргі лауазымын 2018 жылғы маусымнан бері атқарып келеді.

38 жыл (1981) бұрын Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы ОСПАНҚҰЛОВ дүниеге келді.

Шымкент облысында туған. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін Астана қаласында бітірген.

2015 жылы «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Бирмингем университетінің (Ұлыбритания) магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын «Евразия Консалтинг» жеке компаниясында заңгер көмекшісі болып бастаған. Бұдан кейін ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі; ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен байланыстар бөлімінің бас кеңесшісі; ҚР Президенті Әкімшілігінінің Парламенттегі Президент өкілдігінің сектор меңгерушісі; Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары; Павлодар облысының білім беру саласында бақылау департаментінің директоры; ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әкімшілік жұмыстар және жастар істері жөніндегі департаментінің директоры; ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар істері комитетінің төрағасы; ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

2017 жылдан бері қазіргі қызметінде.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат